Құрылтай
» » » Біздер кейде тәрк етеміз арманды...

Біздер кейде тәрк етеміз арманды...

Күн секілді күліп келген әлемге, 
Көздерінде сәулесі бар ғаламның. 
Құдіретті сыйлап Тәңір Әйелге, 
Тамшысындай тұнық етті жанардың.

Ғажайыпқа бөлеу үшін жер бетін, 
Бәлкім, солай өзгешелеу туылдық. 
Түн қойнында тал бесікті тербетіп, 
Таңсәріде таң шығына жуындық.

Біздің ғұмыр өзгешелеу, расында, 
Мейірім ғой, кеудеміздің дүрсілі. 
Ана болсақ, айналамыз асылға, 
Бойымызда Жаратқанның тылсымы.

Жүзімізде жаутаң қағып ізгі үміт,
Шын бақытты ету үшін жалғанды.
Өшпесін деп жан-тәнімнен ізгілік,
Біздер кейде тәрк етеміз арманды.

Солай, солай, біздер жұмбақ қауымбыз,
Күлкісімен көздің жасын жасырған.
Бәлкім, бәлкім, көктем сүйген жауынбыз,
Сағынышы жазмышына бас ұрған.

Үмітінің нәзік жібін үзбеген,
Шын ынтызар бола алмайтын, сенбесе.
Әр күн сайын тек ізгілік іздеген,
Біздің ғұмыр ғажайып қой, ендеше!
09 наурыз 2020 ж. 983 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31