» » Аудан әкімі мерекемен құттықтады

Аудан әкімі мерекемен құттықтады


АРДАҚТЫ АНАЛАР!
ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР!
Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы қарлығашындай болып келетін мерекенің біздер үшін орны ерекше. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
«Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» - дейді халқымыз. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие.
Бүгінде нәзікжандыларымыз барлық салада жемісті еңбек етіп, елеулі үлестерін қосуда.
Қармақшы өңірінің нәзікжандылары да билік пен бизнесте, білім мен мәдениетте ерекше қабілетімен танылуда.
Өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміздің бүкіл тыныс-тіршілігінің басы – қасында болып, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, ел әлеуетін көтеруге қызмет етіп келесіздер.
Сіздердің ауданымыздың өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз ерен еңбектеріңізге зор ықыласпен ризашылығымды білдіремін.
Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп жүргендеріңіз үшін әйел-аналарымызға алғысымыз шексіз.
Еліміздің кемел келешегі үшін елдігімізді нығайтудағы қажырлы еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке- бірлік тілеймін.
Құрметпен,
Қармақшы ауданы әкімі М. Қалдарбеков
08 наурыз 2020 ж. 1 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031