ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР!
ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СҰЛТАН ЫСҚАҚҰЛЫ МАҚАШОВТЫҢ
8-НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ.
АРДАҚТЫ АНАЛАР! ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР!
Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасының «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі ананың ақ сүтінен тарайды» деген сөздері ананың қадірін біліп, асыл қасиетін түсінуге үндейді, мемлекет және қоғам болып аналарымызды алақанға салып аялауға шақырады.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие.
Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес, әйелдің қоғамдағы орны ерекше. Өйткені отбасының құты болған әйел қоғамға да адал қызмет етеді.
Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп жүргендеріңіз үшін әйел-аналарымызға алғысымыз шексіз.
Әйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп жүр.
Мемлекетіміз жеткен жетістіктерге нәзік жандылардың қосқан үлесі зор. Қармақшы өңірінің нәзік жандылары да билік пен бизнесте, білім мен мәдениетте ерекше қабілетімен танылуда.
Өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміздің бүкіл тыныс-тіршілігінің басы-қасында болып, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, ел әлеуетін көтеруге сүбелі үлес қосып келесіздер.
Сіздердің ел дамуы жолындағы қосқан өлшеусіз ерен еңбектеріңізге зор ықыласпен ризашылығымды білдіремін.
Еліміздің ертеңі мен кемел келешегі үшін жасап жатқан қажырлы еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке, бірлік тілеймін!