» » «Ана-тіршіліктің тірегі»

«Ана-тіршіліктің тірегі»

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ», «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Батыр аналарды, көп балалы аналарды және дамуы ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарды аудандық партия филиалында мерекелелік қабылдау болып өтті. Шараны «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы ашып, біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі деп, қысқаша пікірін айтып өтті. 
Сонымен қатар Жосалы кентінің тұрғыны көп балалы батыр ана, «Алтын алқа» иегері Ж.Шүлекеева және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар Ф.Әбсаттарова, М.Көшекбаева, З. Әбутәліпова, Т.Тасболатоваларды жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, құттықтау хатын табыс етіп, сый-сияпат жасады. Ақ жаулықты аналарымыз да мерекелік қуаныштарымен бөлісіп, ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын білдірді. Шара соңында естелік фотосуретке түсу рәсімі болып өтті.
06 наурыз 2019 ж. 1 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 865
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30