» » » «ӨНЕР - ҰРПАҚҚА АМАНАТ»

«ӨНЕР - ҰРПАҚҚА АМАНАТ»


Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тұрымбет Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің «Өнер – ұрпаққа аманат» атты шығармашылық концерті өтті.

Концерттік бағдарламада өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары түрлі жанрдағы музыкалық шығармаларды орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында халық аспаптар оркестрі, вокалдық және аспаптық ансамбльдер өнер көрсетіп, ұлттық және әлемдік музыка туындыларын жоғары деңгейде орындады. Жас өнерпаздардың өнеріне көрермендер ризашылықтарын білдіріп, концерттік бағдарлама ерекше әсерлі көңіл-күйде өтті.

Айта кетейік аудан мәдениетінің дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан бұл өнер ұясына биыл 54 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында білім ордасы көптеген дарынды шәкірт тәрбиелеп, өнер әлеміне жол ашып келеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

13 наурыз 2026 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930