» » Жыр тұнған Сырдың даласы

Жыр тұнған Сырдың даласы

Ауданымыздың 95 жылдығы қарсаңында Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде ғасырға жуық тарихы бар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің “Жыр тұнған Сырдың даласы” атты концерті өтті.
Өнер ұжымына тоқталар болсақ Құрманғазы оркестрі Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихындағы тұңғыш оркестр. Ол бүкіл әлемге қазақ халқының музыкалық өнерін, қазақ музыкалық аспаптарын және дала әуенімен сұлулығын танытқан бірегей ұжым.

Көпшілік көңілінен шыққан бүгінгі кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері Рамазан Стамғазиев пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуов өнер көрсетті. Концертте аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат құттықтау сөз сөйлеп, өнердің хас тарландарына аудан әкімінің атынан құттықтау табыстап, алғысын білдірді.

Кеште оркестрдің орындаған шығармалары көрермендерді қазақтың төл өнерінің тереңіне бойлатып, тамаша күйге бөледі. Тума таланттардың тартуына ризашылығын білдірген көпшілік қауым да ыстық ықылас, зор қошемет көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күйде болды.

Естеріңізге сала кетсек, бүкіл әлемге халқымыздың музыкалық өнерін, бірегей музыкалық аспаптарын және ұлы дала әуенінің пәк сұлулығын танытып келе жатқан оркестрдің концерті бүгін ауданға қарасты Төретам кенті халқына да лайықты деңгейде өнер көрсеткен болатын.

Ауданымыздың 95 жылдығы аясында ұйымдастырылып, жақсы ән мен тәтті күй сыйлар тағылымды шаралар жыл аяғына дейін жалғасатын болады.

©️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
20 қыркүйек 2023 ж. 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930