Көктем



Ақпан да өтіп ақ ықпа,
Жуасып түсті қалыпқа.
Жұқарған мұзда әйнектей,
Ағын су мүжіп арықта.

Түн қатып күндіз еріген,
Қалып қақ шалшық сеңінен.
Қуыспақ ойнар әдетте,
Қыс біраз көктем лебімен.

Қар жапқан кеше жасырып,
Көк шықты тебен тас үгіп.
Ақпанның күнін кем етіп,
Көктемде жетті асығып.

Оралып құстар қанша мың,
Жанданып тірлік барша мың.
Қылышын сүйреп қыр асты,
Дегендей қыста шаршадым.

Жыл құсы келді оралып,
Бәйшешек көктеп зор алып.
Тіршілік қайнап көктемгі,
Төлдерi шулаp қора лық.

Қамымен диқан жүр егін,
Сайлап бір соқа, түренін.
Табиғат тылсым әр түсті,
Төсеген жерге кілемін.

Түйіндей бүршік талдағы,
Бүр жарар күнде алдағы.
Біз келдік елге дегендей,
Көкте топ құстар самғады.

Көлге су құйып жылғалар,
Көк қуып өрлеп қырға мал.
Жебедей үшкір сап түзеп,
Өтті әне ұшып тырналар.

Тылсым бір сырмен кеңесіп.
Күн мен түн қалды теңесіп.
Ырыстың болып бастауы,
Еліме ашсын кең есік.

Руслан СӘУЛЕБЕКҰЛЫ
04 сәуір 2020 ж. 2 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031