» » » "ҚАРМАҚШЫ АТА" КЕСЕНЕСІ

"ҚАРМАҚШЫ АТА" КЕСЕНЕСІ

ЖОСАЛЫ, 7 наурыз – qarmaqshy-tany.kz «Сыр – Алаштың анасы» деп аталған киелі өңір көне дәуірлерден бері жарқын өркениеттің ошағы. Мұнда алғашқы қауымдық дәуірден бастап кейінгі ортағасырларға дейінгі аралықты қамтитын жүздеген ескерткіш бар. Олар негізінен Сырдың төменгі ағысын жағалай орналасқан. Сыр өңірінің ежелгі және ортағасырлық тарихы қазақ халқының тағылымды тарихының іргетасы. Қарақұм мен Қызылқұмның арасын жалғай орналасқан Қармақшының тарихы тым тереңде жатыр.
   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны халықтың әрбір азаматы біледі» деп атап өткен болатын.
   Менің айтпағым, аудан атын иемденгеніне тоқсан жылдан астам уақыт болған, қармақшылық әрбір азамат білуі тиіс – Қармақшы ата және оның кесенесі туралы.
   Ел аузындағы аңыз-әңгімелерде Қармақшы атаның Сыр бойының жағасына жеркепе салып, қармақпен балық аулаған Нұрмолда баласы Жүсіп, кейде Дәулен Ошанұлы, енді бірде Нұрмағамбет деп те аталатын адамның аш-жалаңаш адамдарға, жүргіншілерге көмектескені айтылады. Қайсысы болса да Сырдарияның жарқабағынан қармақ салып күн көрген бабамыздың әуелдегі аты ұмытылып Қармақшы аталғандығын көреміз. Бұл атау халық қастерінде қалып, әулие атанған қарияның еңбегіне құрмет ретінде беріліпті.
   Қармақшы ауданының атын арқалаған Қармақшы ата кесенесі Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Тоқтаров көшесі (Қармақшы ата зираты) бойында орналасқан. Кесене қала құрылысы және сәулет ескерткіші түріне жатады. 2014 жылы облыстық бюджеттен ескерткіштің төлқұжаты жаңаланып, «Мемлекет қорғауында» екенін білдіретін қорғау тақтайшасы қойылды. Қармақшы жөнінде ғалым Кастанье Сыр бойында болған сапарында бірнеше кітабында жазған. «Древности киргизской степи и Оренбургского края» атты еңбегінде мынадай дерек айтылады. «Қармақшы жеріндегі көптеген молалардың арасынан екі мазар келушілердің назарын ерекше аударады екен. Соның бірі – Қармақшы қаласының қорғаншысы болған Қармақшы ата мәйітінің үстіне қойылған ескерткіш. Әулиенің өмір жолы жазылып ілінген қағаз орамдары маңдайша құрап, моланың төбесін жасырып тұр» деп жазады. Қармақшы ата мазары шамамен 14-15 ғасырларда күйдірілген кірпіштен тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Қармақшы ауданының орталығында, Сырдария өзенінің жиегінде. Жалпы жобасы шаршыланып келген, төбесі күмбезді. Қасбетінде шағын жаппасы болған. Қармақшы атаның кесенесі ертеректе аудан орталығынан шашамен 1-2 шақырымдай алшақтау болған. Ал қазір аудан орталығы ұлғайған сайын аумағына тұрғын үйлер салынған. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салған бұл ескерткіштің айналасына әдейі еккендей сексеуіл шығып, адам аяғына таптатпай қорғап келеді.
   Қалай десек те, жаһандану үрдісі үдере басып бара жатқанымен қазақстандық «Мәдени мұра» бағдарламасы біздің брэндіміз болып қалары анық.

Қамар СӘРСЕНБАЕВА,
К.Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» қызметкері
07 наурыз 2020 ж. 1 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031