» » Рухани қазына

Рухани қазына

Қызылорда-Қармақшы-Қазалы аудандарына Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы "Рухани қазына" кіші бағдарламасының "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясында өткізілген облыстық тарихшылар мен өлкетанушылардың форумында қабылданған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі БАҚ өкілдерімен (Қазақстан-Қызылорда облыстық телеарнасы, жергілікті баспасөз құралдарының тілшілері) бірлесе "Сыр өңірінің қасиетті орындары" атты телеэкспедициялық жобаның ІІ кезеңін ұйымдастырды.
Жоба барысында экспедиция мүшелері еліміздің жалпыұлттық және өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген облыстың батыс бөлігіндегі ескерткіштер: Қалжан ахун мешіт-медресесі, Қорқыт Ата ескеткіш-кешені, Марал ишан кесенесі, Қалқай ишан кесенесі, Мүсірәлі Сопы Әзиз кесенесі, Ғанибай мешіті, Жанкент қалашығы, Қожаназар ишан мешіті, Жанқожа батыр кесенесінің тарихи маңызы мен қазіргі таңдағы ахуалы, туристер мен зиярат етуші халыққа қолжетімділігі, инфраструктуралық жағдайы сонымен бірге археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.
"Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасының екінші кезеңі бойынша аудандық музейлерде ашылған "Қасиетті Қазақстан" залдары және қасиетті нысандар тізіміне енетін тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мәселелер қозғалды.
25 тамыз 2018 ж. 4 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 385

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031