» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ҰЛТТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ҰЛТТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Қызылордада «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттердің орындалысын талқылады.Отырысқа мемлекеттік ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жалпы күн тәртібіне сәйкес кеңес мүшелері алдымен қоғамдық сананы жаңғыртуға негізделген нақты шараларға басымдық беріп, аймақтағы «Рухани жаңғыру» орталығымен атқарылған жұмыстармен танысты.
Бағдарлама қабылданғаннан бастап, өткен жылы облыста 79 жоба жүзеге асырылды. Ағымдағы жылға 81 жоба мен 100-ден аса ірі көлемді шараның өңірлік жол картасы әзірленіп, облыс әкімімен бекітілді. Бүгінгі күні азаматтық қоғам институттары, жастар ұйымдары, этномәдени бірлестіктер, жоғары оқу орындары мен мәдениет ұйымдары қатысумен аталған жобалар аясында 67 жоба мен 3443 шара өткізілді. Өңірлік жол картасына сәйкес жоспарланған жобалар мен іс-шараларға облыстық бюджеттен 600 миллионнан астам қаржы бөлінсе, демеушілер есебінен 22 миллиардтан астам қаржы тарту жоспарланды. Бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты тың жобалардың қатарында Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтеретін жаңа қаланың құрылысын атап айтуымыз керек. Сол жағалаудан әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым объектілерімен бірге жастар орталығы, Қазақ Орталық Атқару Комитеті ғимараты үлгісіндегі музей мен «Рухани жаңғыру» орталығының құрылысы бүгінгі күні аяқталды,-деді орталықтың бөлім меңгерушісі Гүлмира Әшірбекова.
Сондай-ақ бағдарлама аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қасиетті Қазақстан және археология» залы ашылып,оған Қызылорда облысы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген облыс көлеміндегі және өңірлік 47 тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мәліметтер орналастырылған. Онан бөлек түрлі деңгейдегі форумдар да бағдарлама міндеттерін насихаттау мен қатар жүзеге асыруға өзіндік септігін тигізіп отырғандығын атап өтті Гүлмира Әшірбекова.
Жиын барысындабағдарламаны жүзеге асыруда мемлекеттік ақпараттық саясатты сапалы, әрі жоғары деңгейде жүргізудің де маңыздылығы талқыланып, бұл бағытта «MEN QAZAQPYN» мега жобасы арқылы тәрбиелік мәні зор ұлттық рухани мұраларымызды насихаттап келе жатқан облыстық «QYZYLORDA» телеарнасының ұжымына алғыс білдірілсе, әлемдік дамуда елдік руханияттың қалыптасуына бағытталған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында көрме ұйымдастырылып, жарық көрген 18 оқулық көпшілікке таныстырылды.
Кеңес мүшелері талқылаулар қорытындысы бойынша жинақталған ұсыныстарды тиісті органдарға жолдауға шешім қабылдады.

12 маусым 2018 ж. 1 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 004

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031