» » » Тәйімбет мүсіні сыр шертеді

Тәйімбет мүсіні сыр шертеді

ЖОСАЛЫ, 5 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Т.Көмекбаев ауылында 2014 жылы Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевтың мүсіні салынды. Мүсін 2,0 натуралдық өлшемде қола материалына құйылған. Биіктігі 1,38 метр, салмағы 350 кг. Тұғыры бүтін граниттен жасалған. Өлшемдері һ-2,50 метр, 70х55 см. Мүсіннің авторы - Қ.Сатыбалдин.


Тәйімбет Көмекбаев Кеңес Одағының батыры. 1896 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №10 ауылда туған. 1941 жылдың қазан айында Отан қорғаушылар қатарына қосылып, соғыстың аяғына дейін барлаушылар бөлімшесін басқарған. Бұрынғы жылқышы, көрген жерін есте сақтай алатын Тәйімбет қиядағыны қалт жібермейтін қырағы болған екен. Позань қаласының Т.Көмекбаев бастаған барлаушылар тобы жаудың нығайтылған бекінісіне батыл шабуыл жасайды. Кеңес жауынгерлерінің кенеттен пайда болуы жау жағын қатты састырып, немістің 37 солдаты мен 2 офицері ұрыссыз беріледі. Т.Көмекбаев 1945 жылғы қысқы шабуыл ұрыстары кезінде де ерлік көрсетіп, бірінші болып Глейвиц қаласына кірген. Колхозвица қаласына кіргенде жаудың 30 ұясын талқандайды. 1945 жылдың 6 ақпанында Т.Көмекбаев Одерден алғашқы өткендердің бірі болып, өз бөлімшесімен Эйхиринд елді мекені маңындағы плацдармды ұстап тұрады. Түнде ержүрек жауынгер Тәйімбет Бриг қаласының кіреберісіндегі жаудың станокты пулеметін жойып, қала үшін болған соғыста 60 фашист басқыншысын жайратып, 12 адамды тұтқынға алады. Ванни қаласы үшін болған ұрыста Т.Көмекбаев бастаған жауынгерлер жаудың 7 шабуылына тойтарыс береді. 1945 жылдың 10 сәуірінде Т.Көмекбаевқа кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1-Украина майданы өкілдерінің құрамында Мәскеуде болған Жеңіс парады салтанатына қатысады.
Батырға деген ел құрметі ретінде Қармақшы ауданындағы бұрынғы Жаңақала кеңшарына және Жосалы кенті орталығындағы №250 мектеп-лицейіне Т.Көмекбаев есімі берілді. 1996 жылдан бастап 9 мамыр Жеңіс күніне арналып ауданда дәстүрлі түрде Самбо күресінен Кеңес Одағыны батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы халықаралық мемориал өтіп тұрады. Әр жылдары Қазақстанға танымал эстрада жұлдыздары осы шараға арнайы шақырылып, олардың әсем әндері еңбектен шаршап жабырқаған халықтың жанын жадыратып, көңілін көтеріп, қуанышқа бөлеп кетеді.
"Алмас қылыш қап түбінде жатпайды" дегендей батырдың баласы Бағбан Тәйімбетов халқының қалаулысы елінің елеулі азаматы болып өсті. Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет салған ақындық, жыраулық дәстүрдің насихатталуына , спорт өнерінің дамуына, білімге, ғылымға құмар жастардың өсіп, өнуіне зор көмек көрсетіп, демеушілік жасап келеді.
Халқымыз үшін қан кешкен қас батыр Т.Көмекбаевтың өр тұлғасы уақыт өткен сайын биіктей бермек.
05 наурыз 2020 ж. 1 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 010

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031