» » ҚАРМАҚШЫДА ТӘЙІМБЕТ КӨМЕКБАЕВ АТЫНДАҒЫ САМБОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМОРИАЛ ӨТУДЕ

ҚАРМАҚШЫДА ТӘЙІМБЕТ КӨМЕКБАЕВ АТЫНДАҒЫ САМБОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМОРИАЛ ӨТУДЕ

Жосалы кентінде Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан Халықаралық Мемориал өтуде.
Мемориалдық турнирге Қазақстанмен бірге Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен 15 команда 150-ге жуық самбошылар қатысып, бағын сынауда.
Батыр атамыздың құрметіне биылғы жылы 24-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Алғашында республикалық, он жылдан бері халықаралық дәрежеде өтіп, «Мемориал» мәртебесін алған бұл турнир талай саңлақтардың бағын ашты, спорт әлеміндегі алғашқы баспалдағы болды.
Жарыстың ашылу салтанатында облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов және батыр ұрпақтары сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі.
Cонымен бірге жерлестеріміз Әділбек Серікбаевқа, Бауыржан Райысовқа, Ғалымжан Абдрахмановқа спорттағы биік белестері үшін медальдар табысталды.
Жарыс жеңімпаздарының есімдері 5 мамыр күні белгілі болады. Сондай ақ, ұлттық спортты насихаттау мақсатында жылдағы дәстүр бойынша қазақ күресінен «Түйе палуан» сайысы өткізіледі.
Жосалы кентінің орталық алаңында қазақ эстрадасы жұлдыздары мен аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы өтетін болады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
05 мамыр 2019 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 865
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30