ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМОРИАЛ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ
Бүгін аудан орталығында 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толуына орай және самбо күресінен ересектер арасында Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алу мақсатында өтіп жатқан халықаралық мемориалдың ашылу салтанаты өтті.
Мемориалды ұйымдастырудың негізгі мақсаты - Отан үшін от кешкен аға ұрпақтың өнегелі өмірі арқылы жас ұрпақты Отан сүйгіштік рухқа тәрбиелеу болып табылады.
Киелі Қармақшы өңірінде ұйымдастырылған Халықаралық мемориалды облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов ашып, жарысқа қатысушылар мен оны тамашалуға жиналған Қармақшылықтарды, сонымен бірге қонақтарды айтулы спорт мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, салтанатты шарада самбо күресінің ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Асылбек Какенов пен батыр атамыздың туысқандары атынан сөз алған Ардашер Шәйімбетов спорт мерекесіне жиналған спортсүйер қауымға өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Бүгінгі мемориал шымылдығын 23-ші рет ашып отырған тұста ауданда 70-ге жуық спорт шебері, 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар.
«Елім» деп еңіреген ұлдың ерлігін ертеңгі күнге өнеге етуде Қармақшы топырағында өткізілетін бұл дәстүрлі шара Батырдың ұрпақтары мен Т.Көмекбаев атындағы қордың жан-жақты қолдауымен жыл сайын кеңейіп, жыл сайын кемелдене түсуде.
Кең байтақ еліміздің барлық аймақтарының және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Азербайжан, Түркіменстан, Ресей, Монголия мемлекеттерінің бетке ұстар палуандары жыл сайын белдесіп, бағын сынайтын осы залда бел мен білектің, ерлік пен ептіліктің, намыс пен жігердің сынға түсіп, таразыға тартылар сәтін Қармақшы жұрты асыға күтеді.
Шара барысында спортшылар мен қонақтарға арнап аудан көркемөнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты