» » ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғының аяқталғанына 73 жылдығы мерекесі аясында майдан даласында Отан үшін от кешкен және сол жылдары «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» ұранымен туған жерді жаудан азат етуге кеткендердің орнын басып, егістік басында, зауыт-фабрикаларда күндіз-түні аянбай еңбек еткен бүгінгі тыл ардагерлерін құрметтеу мақсатында аудандық сот ұжымы соғыс және тыл ардагерлері Қуанышбай Бисембаев пен Кәмпит Шүленованың отбасында болды.
Аудандық соттың төрағасы Дархан Кентбаев пен судьялар Ермек Құтыбаев және Лаура Алибековалар ардагерлерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, сот жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Ауданда ел әлеуетін арттыруға арналған ілкімді істер жайында айтты.
Тағылымды шара барысында ардагерлер осындай бастаманы ұйымдастырушыларға баталарын беріп, ел мүддесі үшін істеп жатқан игі істеріне сәттілік тіледі.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
03 мамыр 2018 ж. 1 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031