» » СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ КӨШЕ АТЫ БЕРІЛДІ

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ КӨШЕ АТЫ БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыру және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін ұлықтау мақсатында сәрсенбі күні Жосалы кенті орталығындағы шағын мөлтек ауданынан ашылған алғашқы көшелердің біріне 1941-1945 жылдары аралығында КРСО мен неміс басқыншылары арасындағы соғыстағы қан майданда ерлік көрсетіп, көптеген орден - медальдармен марапатталған соғыс ардагері, «ҚР Ішкі істер министрлігінің құрметті азаматы» төсбелгісінің иегері Сәдібек Айекеновтың есімін беру салтанаты өтті.
Салтанатты шарада аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы құттықтау сөз сөйлеп, Елбасының Қазақстан халқының әлеуетін арттыруға арнаған Жолдаулары мен барша қазақстандықтарға үлкен серпін берген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданда іске асырылып жатқан жұмыстарды зерделеді.
Сонымен қатар, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев, туысқандары атынан еңбек ардагері Сардарбек Қитарбекұлы сөз сөйлеп, С.Айекеновтың өнегелі өмір жолынан естеліктер айтты.
Салтанатты шара одан әрі соғыс және еңбек ардагері Сәдібек Айекеновтың ескерткіш тақтасы мен көшенің лентасын қию рәсіміне жалғасты.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».

25 сәуір 2018 ж. 3 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031