» » АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАР БАСТЫ НАЗАРДА

АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАР БАСТЫ НАЗАРДА

Жосалы кенті әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамалар кеңесі өткізілді. «Адал жол – честный путь» марафоны аясында өткізілген жиынның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамаларды көтеру, азаматтық позицияны білдіру, жемқорлыққа қарсы тұрудағы азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру болып табылады. Азаматтық бастамалардың аудандық кеңесін арнайы мониторингтік топтың төрағасы Ә.Құлдүйсенов жүргізіп отырды. Шара барысында сөз алғандар аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов, аудандық мәслихат хатшысы М.Наятұлы, «Жастарды ресурстық орталығы» басшысы М.Ибраев, Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы А.Жалғасбаев, «Нұр Отан» Партиясы Қармақшы аудандық филиалының консультанты Г.Жалелова сөз сөйлеп ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен бірге жиын соңында Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев, «Ұлт бірлігі - Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Құндақбаев арнайы мониторингтік топ мүшелеріне сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Азаматтық бастамалардың аудандық кеңесінің соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі таратылды.
18 сәуір 2018 ж. 1 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 841
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 525

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930