БАТЫР БАБА БАТАСЫМЕН БИІКТІ БАҒЫНДЫРҒАНДАР

Биыл ХХІІІ рет жалауын көтерген аталмыш дүбірлі додаға 9 мемлекеттің балуандарымен бірге еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге жуық боз кілем шебері қатысты.
Екі күнге созылған дүбірлі жарыстың қорытындысымен 52, 82 және 90 келі салмақтарда өзбекстандық Ф.Халимов пен Э. Хажимамитов және Н.Якубов, 57,62, 68 және 100 келі салмақтарда қармақшылық Дамир Әбдеков, Нұржан Тілеубергенов, Азамат Шәйкөзов пен Мақсат Исақабыловтар жеңімпаз атанса, 74 келіде Әзірбайжан балуаны Самир Каримов, 100-ден жоғары салмақ дәрежесінде Қарағанды облысының балуаны Н.Мұхамбетжанов І орынды жеңіп алды.
Жарыс соңында демеушілер ұйымдастырған түйе балуан белдесуінде қызылордалық Н.Сәлімгереев КСРО Батыры Т.Көмекбаев атындағы халықаралық жарыстың түйе балуаны атанды.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
Пікір 1