» » Қызылорда облысында самбодан майдангер Т.Көмекбаев атындағы турнир

Қызылорда облысында самбодан майдангер Т.Көмекбаев атындағы турнир



Қызылорда облысында Отан қорғаушы күні және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай Кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан дәстүрлі халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жарысқа ел балуандарымен қатар Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен 15 команда келді. 150-ге жуық спортшы бағы мен бабын сынады.
Тәйімбет Көмекбаев бірінші Украина майданы 21-армия 128 атқыштар дивизиясы құрамында шайқасты. Бриг қаласына шабуыл барысында жаудың станокты пулеметін, 60 әскерін жойып, 12 гитлершіні тұтқынға алды. Осы ерлігі үшін сырбойылық жауынгерге 1945 жылы Кеңес одағының батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс шеруіне қатысты.
Ардашед Шәйімбетов, Т.Көмекбаевтың туысы:
– Соғысқа дейін жылқышы болып істеген әкем соғысқа дайын әскер болып барды. Барлау бөліміне түсіп, бес жыл қанды қырғында аман-есен қалып, жеңіспен аяқтады.
Ал батыр атындағы мемориал 1996 жылдан бері осымен 24 рет өткізіліп отыр. Турнирде ел балуандарымен бірге Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен 15 команда 150-ге жуық спортшы бағы мен бабын сынады. Олар 9 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
Махмуд Абдулло, самбодан Азия одағының бірінші вице-президенті:
– Әр спортшы өз деңгейін бағамдау үшін осы турнирге қатысуы керек. Өйткені бұл тек Азия құрлығында ғана емес, әлемдегі ең беделді турнирлердің бірі. Кілемде әлем, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері белдеседі. Ал олармен күресу жас самбошылардың мол тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қазақ күресінен «Түйе палуан» жүлдесі сарапқа салынды. Бұл сында қызылордалық Мақсат Исағабылов топ жарып, бас жүлде 2 миллион теңгені қанжығасына байлады.
Мақсат Исағабылов, қазақ күресінен жарыстың түйе палуаны:
– Кеңес одағының батыры Т.Көмекбаев бабамыздың кезінде жасаған ерліктері – спортшыларға мотивация. Шет мемлекеттерден мықты балуандар қатысты, сондықтан бұл жарыстың деңгейі өте жоғары.
«Басты мақсат – батыр ерлігін өскелең жасқа өнеге ете отырып, талантты спортшыларға жол ашу», – дейді ұйымдастырушылар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов
06 мамыр 2019 ж. 1 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 015

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031