Топ-баннер
Топ-баннер2
» » » АСЫЛ ЖЫРДЫҢ АЛМАСЫ

АСЫЛ ЖЫРДЫҢ АЛМАСЫ

Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, III дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, профессор, жырау Алмасбек Алматовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Жыр – аманат» атты республикалық жыршы-жыраулар фестивалі өтті.

Тағылымды өнер кешіне аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, жырсүйер қауымды құттықтады.


«Сыр елі – өнердің алтын бесігі. Ал біздің қасиетті Қармақшы ауданымыз ертеден жыраулық дәстүрдің киелі мекені ретінде белгілі. Сондықтан да халқымыз «Жүз жырауын жүзіктеген, Жүз шайыр шыққан мекен» деп бекер айтпаған. Бүгінгі басқосу қазақтың белгілі жырауы, асыл өнеріміздің көрнекті өкілі Алмасбек Алматовтың 70 жылдық мерейтойына арналуы – біз үшін үлкен мәртебе. Алмасбек ағамыз – саналы ғұмырын ұлттық өнерімізді дәріптеуге, жыраулық мәдениетімізді дамытуға арнап келеді. Оның шығармашылығы мен еңбегі – қазақ руханиятына қосылған үлкен үлес деп білеміз. Ұлттық өнеріміз жасай берсін! Рухымыз әрдайым биік болсын!,- деді Жандос Еркінбек.


Алмасбек Нұрмаханұлы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры ретінде көптеген шәкірт тәрбиелеп, жыраулық өнердің академиялық білім беру жүйесіне енгізуге үлес қосқан тұлға. Оның шәкірттері бүгінде республикалық және халықаралық өнер додаларында жүлделі орындарға ие болып, ұлттық өнердің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Шара барысында аудан әкімі мерейтой иесінің жыраулық өнерді насихаттаудағы еңбегін атап өтіп, оған ауданның жоғары марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады. Сондай-ақ тағылымды кешке қатысушы өнерпаздарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» беріліп, құрмет көрсетілді.

Фестиваль барысында еліміздің әр аймағынан келген белгілі жыршы-жыраулар мен мерейтой иесінің шәкірттері өнер көрсетіп, терме-толғаулары арқылы көрермендерге рухани кеш сыйлады.

Өнер қайраткері Алмас Алматов көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақжарма алғысын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

12 наурыз 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 398

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031