» » » СЫРДЫҢ СЫРШЫЛ АҚЫНЫ – ЖАРҚЫНБЕК ТҰРЫМБЕТОВКЕ 50 ЖЫЛ

СЫРДЫҢ СЫРШЫЛ АҚЫНЫ – ЖАРҚЫНБЕК ТҰРЫМБЕТОВКЕ 50 ЖЫЛ


Аудандық мәдениет үйінде ақын, сазгер және жырау Жарқынбек Тұрымбетовтың 50 жылдық мерейтойына арналған «Туған жер» атты шығармашылық кеші өтті.

Кештің ашылуында аудан әкімінің міндетін атқарушы Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, ақынның өмір жолы мен шығармашылық жетістіктеріне тоқталып, мерейтой иесін құттықтады және ауданның «Құрмет грамотасын» табыстап, сый-сияпат жасады.

Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен белгілі тұлғалар – Парасат» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жырау Алмас Нұрмаханұлы Алматов, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Рамазан Сағындықұлы Тайманов, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Елена Мәжитқызы Әбдіқалықова, ҚР білім беру саласының үздігі, мәдениет және білім саласының ардагері, Қармақшының ақын қызы Талайлы Досымова арнайы келіп, ізгі тілектерін білдірді.
Жарқынбек Тұрымбетов Сыр өңірінің жыраулық дәстүрін жалғастырушы, танымал өнер иесі. Ол Сыр сүлейі Тұрымбет Салқынбайұлының немересі болып табылады. Оның «Сүйіктім», «Бегімсұлу», «Әкеме», «Ұстазым», «Мектебім», «Апатайым» секілді танымал әндері мен «Желтоқсан», «Тойбастар», «Тұрымбеттің жыр күйі» күйлері халық арасында кеңінен таралған.

Кеш барысында «Тұрмағамбет» атындағы халық аспаптар оркестрі және оның дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Әмзе Мүсілім Балтабайұлы, «Тұран» триосы, республикаға белгілі жыраулар мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Күнсұлу Түрікпен, Әлішер Мырзағалиев, Руслан Өтегенов және Марат Сүгірбай өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Сондай-ақ, оның шәкірттері сахнада өнер көрсетіп, ұстаздарына деген алғысын білдірді. Кеш соңында Жарқынбек Тұрымбетов барша қатысушылар мен қонақтарға ризашылығын білдірді.

02 қараша 2024 ж. 672 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930