» » » Жауһарлы жырдың тұлғалы перзенті

Жауһарлы жырдың тұлғалы перзенті

Киелі Қорқыт елінде өмірге келіп, даңғайыр Ешнияз сал, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Жиенбай, Тұрмағамбет ақын, Рүстембек жыраулардың жыр-жауһарымен сусындаған, композитор Мүлкаман Қалауов пен фольклоршы Әуелбек Қоңыратбаевтан дәріс алған Алмас Алматов туған жер мақтанышы. Жастайынан құйма құлақ, шежірелі сөздің шешені, жыр жампозы атанған жырау бүгінде талай таланттың жыр өнерінде қанат қағуына қол ұшын созуда. Ол қазақтың дәстүрлі өнерін, жыршылық мектептің үлгісін Мәскеу, Самарқан, Париж қалаларында, Америка, Франция, Италия, Швейцария, Моңғолия, Түркия елдеріне таныстырып, асыл мұраны дәріптеуден танған емес. Сыр сүлейлерінің асыл тұяғы Алмас Алматов биыл 65 жасқа толды. Осыған сай аудан әкімнің қолдауымен, К.Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде сантитарлық талаптарды сақтай отырып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, күміс көмейлі, алтын дауысты жырау, ұстаз Алмас Нұрмаханұлының мерейтойына орай «Жауһарлы жырдың тұлғалы перзенті» атты облыстық жыр фестивалі өтті.
Онда аудан әкімі Мұса Қалдарбеков құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесіне сый-сияпат көрсетті.
– «Сыр елі – жыр елі» деп танылған жердің дәстүрлі жыраулық өнерін дамытып, кейінге жеткізу жолындағы еңбегіңізді халқыңыз жоғары бағалайды. Өлкеміздегі ұлттық өнерді асқақтату жолында зор үлес қосып, ізіңізден ерген талантты шәкірттер тәрбиеледіңіз. Ел үшін еткен еңбегіңіз ұрпаққа – ұлағат, болашаққа – сарқылмас байлық болып, әрқашанда мәртебеңіз биік, мерейіңіз үстем болсын, – деп ізгі тілегін жеткізді.
Сондай-ақ жыр фестиваліне арнайы келген мерейтой иесінің рухани ағасы, қоғам қайраткері Қазыбай Құдайбергенов пен Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы, облыстық мәслихат депутаты Наурызбай Байқадамов жүрекжарды құттықтау лебіздерін білдірді.
Ұстаз мерейін асқақтатып, дәстүрлі жыр көшін жалғастырып жүрген шетелге, республикаға танымал шәкірттері «Құрмет» орденінің иегері, жырау-әнші Шолпан Бимбетова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, жырау Руслан Ахметов, Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, жырау Майра Сәрсенбаева, Халықаралық байқаулардың жеңімпазы, жырау Серік Жақсығұлов, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, жырау Күнсұлу Түрікпен, әнші Мұхамедәлі Бекпейісовтер жырдан шашу шашты.
Кеш соңында мерейтой иесі жырау Алмас Алматов домбырасын қолына алып, туған халқын жырымен сусындатты. Сыр сүлейлерінің жауһарлы жырларын көңілге түйіп, жүрегіне жиған туа бітті талантты перзенті Алмас ағаның жыраулық өнерге қосқан үлесі ұшан-теңіз.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)
16 наурыз 2021 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031