» » » Аудан әкімі өнер қайраткерін арнайы қабылдады

Аудан әкімі өнер қайраткерін арнайы қабылдады


Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері , жырау-ұстаз, «Парасат» орденінің иегері жерлестеріміз Алмас Алматовты және экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергеновты арнайы қабылдады.

Қабылдау барысында қазіргі жырлаулық дәстүрлеріміз бен рухани – мәдени дамуымыз жайлы пікір алмасты.
Сонымен қатар және экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергеновпен өлкеміздің әлеуметтік -экономикалық дамуы жайлы сұхбаттасты.

Қабылдауда аудан басшысы Мұса Оспанұлы ауданымызда атқарылатын игілікті бастамалар мен жұмыстар Тәуелсіз Қазақстанымыздың 30 жылдық мерейлі мерейтойына арналатынын жеткізді.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың 30 жылдығы аясында кең көлемді жұмыстар атқарылып жоспарлануда деген аудан басшысы рухани – мәдени салада ұлттық құндылықтарымыз жыраулық дәстүрімізді жалғастыруда бірқатар жұмыстар қолға алынатынын айтып өтті.

Ауданымызда бүгінгі таңда өңірімізге танымал Көшеней Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар Үйі» жұмыс жасайды. Онда жас жыраулардың толқынын қалыптастыруда үйірмелер ашылып, белгілі жыршы жырауларымыз бен айтыскер ақындарымыз тағылымы мол тәрбие беруде. Сондай-ақ өткен жылдан бастап Тұрмағамбет Ізтілеуов атындағы ақындар үйірмесі ашылды.

Қабылдау соңында жерлестеріміз жырау ұстаз Алмас Алматов пен профессор Қазыбай Құдайбергенов басшылықта жүрген азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, алдағы бастамаларына сәттіліктерін тіледі.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

13 наурыз 2021 ж. 1 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031