ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ОҚЫРМАНҒА ХАТ
Кітап – адам жанының азығы. Кейде күйбең тірлікте жаным жүдеп, өмірден қуат іздегенде кітап оқығанды жақсы көремін. Сондай сәт туды ма, жақында жұмыста отырып, қайынсіңілім сыйлаған «Сүйекші» атты кітапты қолыма алып, бір деммен тоқтамастан, бар жұмысты ұмытып, бастан аяқ оқып шықтым. Әдетте бір кітапты...



















