» » Барымызды бағалайық

Барымызды бағалайық

Қазақта «көп естігеннен бір көрген артық» деген сөз бар. Ауданда тұрған соң көппен кездесесің. Әркімнің әртүрлі әңгімесін естисің, біреу көріп айтады, біреу асырып айтады. Ауданның қазіргі жай күйі туралы әңгіме көп. Оған басты себеп жастардың жұмыссыз жүруі. Мемлекет ұсынып отырған арнайы бағдарламалардың іске аспауымен аудан көлемінде өндіріс көздерінің жоқтығы екені себеп. Жалпы кіші кәсіпкерлік дамымай, жұмыссыздықты жою мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр.
Менің айтпақ ойым жақында қатты науқастанып, жедел жәрдем шақырдым. Арада 5-10 минут өткенде жедел жәрдем келіп ем-домын жасап, қан қысымын түсіріп, ауруханаға алып кетеміз деді. Мен алдымыз демалыс болған соң бармай қалдым. Әрі халық арасында біздің аурухана біткен нашар, іші суық деген сөз естимін ғой. Дүйсенбі күні денсаулығым тағы да сыр берді. Жедел жәрдем дәл уақытында жетті. Бұл жолы жаным үшін ауруханаға бардым. Аурухана есігінен кіргеннен бәріне сын көзбен қарап келемін. Кезекші көріп, тексеріп, бірден «фильтр» деп аталатын бөлімге әкелді. Ауруды басатын дәрі екті, орынға жайғастырды. Дәрігердің емі, жылы сөзі, мебдикелердің қызметі, бөлменің жылуы, тазалығы ішімді жылытып барады. Ертесіне УЗИ аппаратына түсіріп, диагноз қойылды. Бірден емге кірісті. Ішімнен ойлап жатырмын, бұдан артық не керек бізге? Қайда барсақ та, осы ем емес пе? Барды бағаламаймыз-ау. Осы оймен жатқанда жедел жәрдеммен Көмекбаев ауылынан 17 жасар бозбаланы әкелген. Аттан құлап астында қалған омыртқаға зақым келген деп жатыр. Дәрігерлерде тыным жоқ, жүгіріп жүр. Бізде жылжымалы шағын рентген құрылғысы бар екенін білмейді екенбіз. Баланы жатырған жерінен омыртқасын рентгенге түсіріп, сұлбасын тікелей Қызылордаға жіберіп, облыспен байланысып жатыр. Баланың зәрі жүрмей қалған екен. Оны да түтікше арқылы іске асыруда. Әйтеуір бір баланың айналасында невролог, реаниматолог, хирург, бәрі жүр. Медбикелерде тыным жоқ, әлгі баланы тыныштандырып жатқызған бойда, тамағын беріп жатыр. Ертесіне облысқа алып кетті. Лайымда жақсы болып кетсін деп тілегін тілеп қала бердік. Үш күн жатып, хирургия бөліміне келдік. Мұнда да тазалық, тәртіп жағдайын жасап жүрген медбикелер. Қасымда осы аудан жігіттері Самат, Ғалымжан, Жұмабек атты жастар. Оларға да осы пікірімді айттым, дұрыс деп риза болып жатыр. Бас дәрігер Бақытжан Нысанбаев та келіп, жағдайымызды сұрағанда бір желпініп қалдық. Ол да дертімізге шипа болды. Науқасымыз жеңілдеген соң, үйге шыққым келген, осы бөлімнің меңгерушісі Шәкрат інім асықпаңыз әлі 2-3 күн ем алыңыз дегенге риза болдым. Шынында емделейін, жатайын деп ойладым. Иә, аудан аурухана ұжымына осылай ризашылығымды білдіргім келді. Қысқасы, барымызды бағалай білейік. Әрине, аурудың үлкен-кішісі жоқ. Бізде сәл нәрсе үшін облысқа, Астанаға барып емделетіндер көп, соны мақтан етеді. Әрине, үлкен жердің аты үлкен ғой. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала деген. Қазіргі заманда жол қатынасы да оңай емес. Қысқасы, өзіміздің де мүмкіндігіміз көп екен ғой.
Біздің замандастарымыз өзімізден үлкен, тәжірибелі дәрігерлерге, яғни Садро, Оңайсынов, Рысмаханов, Бәлібаева, Омаровтарға үйренген. Өсіп келе жатқан жастарды бағалағымыз келмейтін сияқты. Бұлар да өсер, мықты мамандар да шығатыны сөзсіз. Сондықтан барымызды бағалап, асылдарды ардақтайық дегім келеді.
Ордабек ТОТАЙҰЛЫ,
зейнеткер
07 ақпан 2021 ж. 875 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031