Жаңа көлік жұмысты жеңілдетеді

"Samruk Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды қорғау қоры аудандық ауруханаға су жаңа арнайы жедел жәрдем көлігін табыстады. Шетелдік Chevrolet Damas маркасы базасында жасалған медициналықсанитарлық көлік жедел жәрдем көліктерінің қатарын арттырды. Арнайы көлік заманауи құралдармен жабдықталған. Мәселен, жаңа автомобильдің ішінде ИВЛ аппараты, пульсоксиметр, ЭКГ құрылғысы мен алғашқы көмек көрсету жиынтығы бар.
– Аурухананың жедел жәрдем көлігімен толығуы үлкен көмек. Ендігі кезекте ол халықтың игілігі мен амандығы үшін қызмет көрсететін болады. Келіп түскен қоңырауға арнайы жасақ уақытылы жетіп, жедел түрде ем-дом шарасын жүргізеді. Жаңа көлік аудандық орталық ауруханаға қарасты "Шипагер" бөлімшесіне пайдалануға беріледі. Ал мұндай игі істі қолға алып, біздің ауданға табыстағаны үшін "Samruk Kazyna Trust" қорына алғысымыз шексіз. Қиын қыстау уақытта осындай игі істермен дәрігерлердің белсенді жұмыс істеуіне қосқан үлесі көпке үлгі деп санаймыз, – дейді аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)