» » Қазақстанда жоспарлы медициналық қызмет кезең-кезеңімен жанданады

Қазақстанда жоспарлы медициналық қызмет кезең-кезеңімен жанданады

Тамыз айынан бастап Қазақстан халқына жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңімен жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемия кезінде көптеген медициналық ұйымдар COVID-19-ке қарсы күреске қатысты. Халыққа жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету уақытша тоқтатылды. Тамыз айынан бастап, республикалық клиникаларда жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңмен қайта басталады», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі Telegram желісінде.

Енді науқастар саны 50 пайыздан төмен стационарларда бейінді және жоспарлы төсек-орындардың 50 пайызын қайта ашу жоспарлануда. «Халыққа жоспарлы, соның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен жандандыру бойынша министрлік жоспар әзірледі. Бұл жұмыстар аясы тар салалардың қызмет көрсетуіне және COVID-19-пен күреске медициналық ұйымдардың қатысуы дәрежесіне байланысты жүргізіледі», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

27 шілде 2020 ж. 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 062
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031