» » Алматы және Алматы облысындағы медициналық ұйымдар ұшақ апатынан зардап шеккендерді қабылдауға және азаматтарға қажетті медициналық көмек көрсетуде

Алматы және Алматы облысындағы медициналық ұйымдар ұшақ апатынан зардап шеккендерді қабылдауға және азаматтарға қажетті медициналық көмек көрсетуде

Алматы және Алматы облысындағы медициналық ұйымдар ұшақ апатынан зардап шеккендерді қабылдауға және азаматтарға қажетті медициналық көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысындағы ұшақ апаты кезінде қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Ұшақ бортында жобамен 98 жолаушы болған, оның 5 экипаж мүшесі. Алматы мен Алматы облысының Жедел медициналық жәрдем бригадалары оқиға орнына 15 минут ішінде жетті.

Апат кезінде зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшін 51 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.
Алматы облысы мен Алматы қаласындағы стационарларлар зардап шеккендерге көмек көрсетеді.

Алдын ала мәлімет бойынша 8 адам оқиға орнында қаза тапты, 2 адам тасымалдау кезінде көз жұмды, 2 адам ауыр жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Алматы қаласындағы ауруханаларға зардап шеккен 53 адам жатқызылды, оның 9 бала.

Сағат 12.50-дегі мәлімет бойынша, дәрігерлер 10 адамның жағдайы өте ауыр деп бағалауда. Пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін қажетті ресурстар жеткілікті және республикалық орталықтардан мамандар шақырылды.

Айта кету керек, зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде шұғыл қан тапсырудың қажеті жоқ.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласынан санитарлық авиация бортымен Ұлттық нейрохирургия орталығы мен травматология ҒЗИ мамандары жолға шықты.

Алматы және Алматы облысының медициналық ұйымдары зардап шеккендерді қабылдауға, барлық қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын.

Медициналық ұйымдар толық дәрі-дәрмектермен және қан компоненттерімен қамтамасыз етілген.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларымен 40 психолог жұмыс істеуде.
28 желтоқсан 2019 ж. 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 778

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031