» » Алматыдағы ұшақ апаты: қаза болғандардың саны 14 адамға жетті

Алматыдағы ұшақ апаты: қаза болғандардың саны 14 адамға жетті

Соңғы мәліметтер бойынша, Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. Алматы қаласының әкімі қазір әуежайда. Бір ауруханаға 19 адам жеткізілген. 
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті жолаушылар ұшағы апатынан қаза болғандардың аты-жөнін жариялады. Әзірге мерт болған жеті адамның кім екені анықталған.
Қаза тапқандар тізімі:
1. Николой Астанов, 1971 жылы туған;
2. Р.Хайдаров, 1940 ж;
3. Бауыржан Қалиев, 1974 ж;
4. Базархан Кәрібаев, 1974 ж;
5. Марат Мұратбаев, 1961 ж;
6. Абай Нұрбаев, 1982 ж;
7. А.Исина.
«Зардап шеккендер 4 қалалық клиникалық аурухана мен балаларға жедел көмек көрсету орталығына жеткізілді» делінген хабарламада.
Алматы әкімдігі барлық қалалық қызметтерді жұмылдырды. ТЖД (30 адам және 7 техника) жедел құтқару тобы (16 қызметкер, 2 техника және 1 кинологиялық ит), Апаттар медицинасы орталығы (4 қызметкер және 1 техника), жедел жәрдем (35 қызметкер және 15 техника) жұмыс істейді.
Сонымен қатар, ПД (200 қызметкер және 20 техника) және 12 жедел топ құрылды.
Бүгін, 27 желтоқсанда сағат 07:22-де "Bek Air" әуе компаниясының №Z2100 рейсі Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшу кезінде биіктікті ала алмай, бетон қоршауды бұзып өткен еді.

27 желтоқсан 2019 ж. 942 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 831
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930