» » Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады

Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады

Бүгін Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Соңғы мәліметтер бойынша 15 адам қаза болды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының жанындағы жолаушылар ұшағының апаты мен сол жердегі адамдардың қазасына байланысты 2019 жылдың  28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады", - деді Берік Уәли.

Бұған дейін мемлекет басшысы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтқан еді. Сонымен қатар президент кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын жеткізді. 

Ұшақ апаты

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.
Ұшақ бортында 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.
Соңғы деректерге сүйенсек, қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. Көз жұмғандар арасында Informburo.kz ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Дана Круглова бар.
50 адам ауруханаға жатқызылған.


27 желтоқсан 2019 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 531

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930