Құрылтай
» » Аурухана арнайы көлікпен толықты

Аурухана арнайы көлікпен толықты


Ауруханаға жаңа көлік табысталды.
Жедел жәрдемнің шақыртуға уақытылы жеткені маңызды. Ал кейде бір күндік шақыртулар саны күрт көбейіп, алғашқы көмек көрсету мамандары үлгермей жатады. Сондай сәтте арнайы көліктің тапшылығы білінеді. Ал бүгін аудандық ауруханаға тағы бір жаңа автокөлікке толықты.
"Samruk Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды қорғау қоры Қармақшы аудандық ауруханасына көмек ретінде медициналық көлік табыстады. Chevrolet Damas көлігінің базасында жасалған медициналық-санитарлық көлік (ИВЛ аппапраты,пульсоксиметр, экг аппараты, дәрігерге арналған көмек көрсету жиынтығы бар) алдағы уақытта халықтың игілігі үшін қызмет ететін болады. Ал қайырымдылық қорына аурухана басшылығы алғаусыз алғысын білдіреді. Енді жедел жәрдем бөліміне келіп түскен шұғыл шақыртуларға дер кезінде қызмет көрсету мүмкіндігі көбейді. Халықтың денсаулығы қашанда ең маңызды мәселе болып қалады. Ал азаматтардың денсаулығын жақсарту, ем-дом шараларын жүргізу ақ халатты абзал жандардың міндеті. Сол дәрігерлерге көмек пен қолдау көрсетіліп жатса медицина саласы қарқынды дамитыны сөзсіз.Медицина көлігі "Шипагер " бөлімшесіне пайдалануға берілді.
16 қыркүйек 2020 ж. 1 025 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31