Мәслихаттар сайлауы
» » Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?


Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:
- Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
- Емханаларда қызмет көрсету (әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
- Диагностика және емдеу: әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер), негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т.б.),айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.
Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.
Емхана ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
14 тамыз 2020 ж. 1 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 306
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 455

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30