» » Өз үйімнен шақырту алдым

Өз үйімнен шақырту алдым

Бүгін онымен жолығуға сәті түспей, жұмыс орнында күтіп жүргеніме үшінші күн. Жедел-жәрдем қызметкерін айтамын. Қате түсініп қалмаңыз. Үйіме шақырту жасап, келтіре алмай шағым айтайын деп отырғаным жоқ. Тілші болғаннан кейін көзбен көріп, қызмет орнында бетпе-бет тілдескенді жөн көреміз ғой. Қарапайым жағдай, үйде науқастанып қалсақ, жедел-жәрдемге хабарласып, сәл кешіксе «неге келмей жатыр? қайда жүр?» деп ашуға бой алдырып жатамыз. Оның жауабын біз де енді түсінгендей болдық. Қызметі қауырт жандардың бес минут аяқ суытуға да уақыты жоқ. Әйтеуір іле шала жолығып, аз уақыттың ішінде қағазға түртіп алардай мәліметімізді алып үлгердік. Әңгімемізге арқау еткелі отырған жедел-жәрдем қызметкері, фельдшер – Ерсайын Қайратұлы.
21 жастағы медицина маманының қазіргі таңда аудандық емхананың жедел-жәрдем бөлімшесінде қызмет істеп жүргеніне үш жылдай болыпты. Жас болса да атына сай ер мінезді, қайратты. Мектепті тоғыздан бітіріп, қалаған мамандығына облыстағы медициналық колледжге оқуға түседі. Жылдар жылжып мамандығы бойынша дипломын алысымен алғашқы еңбек жолын қаладағы емханалардың бірінде фельдшер болып бастайды. Ол жақта тәжірибе жинап, аз уақыт болса да көрген-білгенін ауылда жалғастыруды көздеп, елге қызмет істеуді жөн санайды. Қазір ол «Дипломмен ауылға – 2020» бағдарламасының жемісін көріп отырғандардың қатарында.
Жас маман қателікті кешірмейтін, қызығы мен шыжығы қатар жүретін қиын саланы таңдағанына өкінбейтінін айтады. Тіпті ол жұмысқа алғаш түскен уақытында шақыртуларда қымсынбай жедел қызмет көрсеткенін әңгіме барысында жеткізді.
– Бала күннен бойымдағы қорқынышты жеңе білу қалыптасқан. Содан болар осы мамандыққа бет бұруым. Студент кезде тәжірибеден өту үшін мәйітхана апарғанда бойымда ешқандай қорқыныш болмапты. Қайта білсем, үйренсем деген бір ғана ой болды. Қазір маған соның көп көмегі тиюде. Қалада жүргенде ауыр жол апатына куә болдым. Ол кезде адам жанын аман алып қалу бірінші кезекте. Сол үшін ешқашан абыржымай, өзіңді еркін ұстауың керек. Сондай уақытта әуелі өзімді Құдайға тапсырып, сосын барып қызметіме кірісемін, – дейді кейіпкеріміз.
Кешегі індеттің белең алған тұсында жас маман елге күн-түн демей үздіксіз қызмет те көрсеткен. Бір күнде қаншама шақырту түсіп, демалмаған күндеріміз де болды дейді өз сөзінде. Әсіресе пневмония өршіген уақытта өз денсаулығынан бұрын өзгенің саулығын тілеп, ұйқыда көрмеген. Сондай жұмыс барысында басынан өткен қызық оқиғасын да айтып берді.
– Ауысым бойынша жұмысқа түскен күнім. Күндіз телефонға жедел шақырту келді. Сөйтсем өз үйімнен хабар түсіпті. Әйелім толғатып жатыр екен. Бірақ шақыртуды екінші топ қабылдап солар баруға дайындалып жатыр екен. Іштегі басшыма айтып, өзім де баруымды өтіндім. Ол кісі рұқсатын берді. Үйге жеткенімше келіншегім босанып қойыпты. Құдайға шүкір, сөйтіп дүниеге ұлымыз келген жайы бар, – деді ол күліп.
Айтып өткендей Ерсайын мен Ақерке екеуінің бүгінде Заңғар атты қамшы ұстар ұлы өсуде.
Жап-жақсы әңгіменің ортасында кейіпкерімізді тағы да жедел шақырту бөліп жіберді. Мұндай да кідіруге болмайды. Себебі адамның денсаулығы бірінші орында...

Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 қараша 2020 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031