» » Жолаушылар автобусы аударылды: 8 адам қаза тапты

Жолаушылар автобусы аударылды: 8 адам қаза тапты

Бүгін «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусы аударылды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
«3 желтоқсанда сағат 04:30 шамасында «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусының жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған» делінген хабарламада. 
Мәліметке сай, автобуста 36 жолаушы болған. Апаттан 21 адам түрлі жарақат алып, 8 адам ажал құшқан, оның бірі ауруханаға апара жатқан жолда жан тапсырған. Автобус «Құмкөл-Қызылорда» бағытында кетіп бара жатқан. Оқиға Қызылордадан 70 шақырым қашықтықта болған. Қызылорда облыстық ТЖД базасында жедел штаб ұйымдастырылды. (7242) 24-41-61, 70-03-28 телефондары бойынша жедел желі ашылды.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен 4 техникасы, полиция қызметінің 6 қызметкері мен 2 техникасы, жедел жәрдем қызметінің 12 қызметкері мен 4 техникасы жұмыс істеп жатыр.
03 желтоқсан 2019 ж. 1 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930