» » » ЖАС ӨНЕРПАЗДАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІГІ

ЖАС ӨНЕРПАЗДАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІГІ


Жуырда қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасы, белгілі композитор, дирижер әрі ғалым Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай елімізде ауқымды мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – жас таланттардың шығармашылығын шыңдауға бағытталған «ЖасSTAR» республикалық баян-аккордеон, үш ішекті және фольклорлық аспаптар бойынша өнер байқауфестивалі.
Бұл өнер додасы – ұлттық музыка мұрасын насихаттап, жас буынның бойындағы өнерге деген сүйіспеншілікті арттыруды көздейтін маңызды алаң. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды балалар қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар қазақтың дәстүрлі және заманауи музыкалық туындыларын орындап, өз шеберліктерін ортаға салды.
Аталған байқауға аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің шәкірттері де белсене қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдей білді. Олардың сахнадағы сенімділігі мен орындаушылық шеберлігі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Жеке орындау номинациясы бойынша Сержан Мұратбек ерекше өнер көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас өнерпаздың сахна мәдениеті, орындау нақышы мен шығарманы сезіне білуі көрермендер мен мамандардың көңілінен шықты. Оның жетекшісі, тәжірибелі ұстаз Зульфия Бопажаева шәкіртінің жетістігіне зор үлес қосып, кәсіби шеберлігін шыңдауда аянбай еңбек етуде. Сонымен қатар, осы байқауда Нұрислам Қабылұлы да бақ сынап, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оның орындауындағы шығармалар көркемдігімен, нақышымен ерекшеленді. Жетекшісі Айгүл Дәни жас дарынның шығармашылық қабілетін дамытуда үлкен еңбек сіңіріп келеді. Қос өнерпаз да екі шығармадан орындап, көпшіліктің қошеметіне ие болды.
Жалпы, мұндай байқаулар жас өнерпаздардың тәжірибе алмасуына, сахналық мәдениетін қалыптастыруға және шығармашылық ізденісін арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аспаптарда ойнау дәстүрін сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу жолында маңызды рөл атқарады.
Қазіргі таңда қазақтың дәстүрлі музыка өнері жаңа серпін алып, жас буынның қызығушылығы артып келеді. Оны Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебіне келуші шәкірттің көптігінен аңғаруға болады. Ал осындай байқаулар арқылы ұлттық өнердің өрісі кеңейіп, жаңа есімдер танылуда. Бұл рухани құндылықтарымыздың өміршеңдігін көрсетеді.
Өнер – ұлттың жаны, халықтың рухани айнасы. Ал сол өнерді жас ұрпақтың бойына сіңіру ұстаздардың қажырлы еңбегі мен төзімділігінің нәтижесі. Бүгінгі республикалық сындағы жеңіс ертеңгі үлкен белестердің бастауы екені сөзсіз. Өнер мектебі алдағы уақытта да жас дарындардың қанатын қатайтып, биік белестерді бағындыруына жол аша береді деген сенім мол.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
04 сәуір 2026 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930