«Өнер - өміршең»
Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қасиетті Қармақшы елінің тума таланты, кезінде Облыстың ең үздік саксафоншысы атанған, ауданымыздың өнер саласына ерекше еңбегі сіңген, білікті басшы болған, талай дүбірлі сайыстарға жас талапкерлерді баулып, таланттар көзін ашуға белсене араласқан Абдулла Мырзабековты еске алуға арналған «Өнер - өміршең» атты үрлемелі аспапта орындаушылардың облыстық конкурсы өтті.
Шара Абдулла Ерділдаұлының өмірі мен шығармашылығына арналған видеопрологтан бастау алды. Содан соң Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы құттықтап, талапкерлерге сәттілік тіледі. Аталмыш байқау әке үмітін арқалаған Айзаттың сазды саксафон аспабында орындаған «Менің әкем ең жақсы адам» әнімен жалғасты.
Музыкалық білімінің б ай жеткілікті болуы арқасында, кез келген аспаптарды ойнай білген Абдулла Мырзабековтың өмірі мен өнерін таныстыру, музыка саласындағы дарынды және талантты кәсіби музыка мамандарының шығармашылығына ықпал ету, олардың ары қарай дамуы мен шыңдалуына жол ашу, үрлемелі аспапта орындаушылық жанрын дамыту мақсатында өткізілген облыстық байқауға 7 талапкер қатысып, ІІ кезең бойынша өзара бақ сынасты.
Киелі өнеріміздің дамуында өзіндік ізі бар талант иесі Абдулла ағамызды дәріптеу, өнер әлемінің биігіне қанат қаққан жас таланттардың орындаушылық шеберліктерін арттыру мақсатында өткізілген конкурсқа Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы Есмұрзаев Үсен Мақашұлы, Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі Есмурзаева Бағдагүл Саинқызы, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің мәдени демалыс кешенінің меңгерушісі Бағатов Мұхаммедқали Іскендірұлылар қазылық етті.Қазылар алқасының шешімен І орынмен Шиелі ауданынан Нәсіпбек Қуаныш, Сырдария ауданынан ІІ орынмен Қуанышұлы Бақберген, Қармақшы ауданынан ІІІ орынмен Тоқбергенов Асылбек марапатталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.