» » "Сырлы әуен" байқауына бақ сынаңыз

"Сырлы әуен" байқауына бақ сынаңыз

Үстіміздегі жылдың 26 қарашасы күні Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен Ш.Төлепова атындағы Қармақшы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қармақшы ауданының мәдениет саласына еңбегі сіңген ерекше дарын иесі А.Мырзабековты еске алуға арналған «Сырлы әуен» атты үрмелі аспапта орындаушылардың облыстық онлайн конкурсы өткізіледі. Конкурстың мақсаты:Қармақшы ауданының мәдениет саласына еңбегі сіңген ерекше дарын иесі А.Мырзабековтың өмірі мен өнерін таныстыру, музыка саласындағы дарынды және талантты кәсіби музыка мамандарының шығармашылығын дамытуға ықпал ету,олардың ары қарай дамуы мен кәсіби шыңдалуын арттыруға жол ашу, үрмелі аспапта орындаушылық жанрын дамыту байқаудың басты мақсаты болмақ.
Конкурстың шарттары:
- Конкурсқа әр ауданнан 1 қатысушы қатыса алады;
- Конкурсқа қатысушылардың жас ерекшелігі 16-35 жас аралығы;
- Конкурс бір кезеңде өтеді: Қатысушы талапкердің өз қалауы бойынша еркін тақырыпта бір шығарма орындауы тиіс. /Шығарманы концертмейстермен сүйемелдеу құпталады/
Конкурстың өткізілу тәртібі
Конкурс онлайн форматта өтеді. Конкурстық бағдарламалары жатқа орындалады. Бағдарламаның орындалу реттелігі өз еркінде.
Жеңімпаздарды бағалау және марапаттау
Қазылар алқасы талапкерлердің ереже талаптарына сай қатысуына, тағайындалған жүлделерді бөліп беруге, ең үздік концертмейстерлерді анықтауға жұмыс жасайды.
Байқаудың бағалануы
- Бас жүлде /1/— сыйлық және диплом.
- 1- орын /1/— сыйлық және диплом.
- 2-орын /1/— сыйлық және диплом.
- 3-орын /2/— сыйлық және диплом.
- Қатысушылардың барлығына Алғыс хаттармен марапатталады.
Байқауға қатысушы талапкерлер орындайтын шығармасын видеоға түсіріп /киім үлгісі, артқы фон, егерде смартфонмен түсірілген жағдайда көлденеңінен алып түсіруі тиіс/ Ұсыныстар 2020 жылдың 23-қарашасына дейін rdk_karmakchi@mail.ru электрондық почтасына немесе 87083703418 ватсап нөміріне жолдануы тиіс;
- Байқауға қатысушы талапкерлер орындайтын шығарманың аты, аты-жөні, қысқаша шығармашылық мінездеме, өңірі, мектебі, ұстазының есімі Times New Roman қарпімен 14-көлемдік әріптермен теріліп жазылып тапсырылуы тиіс. /фотосуреті, жеке куәлік көшірмесі, жеке есепшоттары /20 сандық номер/ жіберілуі тиіс.
Байқаудың қаржылық талаптары
- Байқаудың жүлде қорын «Аудандық мәдениет үйі» КМҚК-ны жүргізеді.
Байланыс телефондары - 8/72437/2-30-91,
Whatsapp – 87076879918 – Ақмарал Кішкентаева
rdk_karmakchi@mail.ru
20 қараша 2020 ж. 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930