» » Оқырманнан құттықтау

Оқырманнан құттықтау


Құлақтанып жатыр халқым ізгі істің бәрімен,
Тарихы тым бұл ұжымның бастау алған әріден.
Тоқсан жасқа келген бүгін қазыналы қарттарым,
Өткен күндер куәсі бір «Қармақшының таңымен».
«Коммунизм шамшырағын» бала кезгі көз көрген,
Оқып өстік сол заманда игі жақсы сөзді елден.
«Екпінді» деп шыққан алғаш, кейін «Қызыл ту» болып,
Замананың ағымына қарай аты өзгерген.
Тоқсан жылдық тарихы бар асып өткен асқардан,
Бүгінгі таң дара тұлға Сәрсен апай басқарған.
Асыл сөздің зергерлері бұл ұжымда құралған,
Баспа бетін нәрлі сөзбен көмкеретін жастардан.
Жергілікті ақындарды жүретұғын қолдап һәм,
Жібітетін шуақты жыр көңілдерді тоң қатқан.
Қаламгердің қаламынан маржан сөздер төгіліп,
Аудандағы оқырманның жүрегіне жол тапқан.
Ақ тілеулі, асыл сөзді, танытатын кісілік,
Жүйрік қалам қолға алған арда жандар ісі нық.
Сөзін арнап кейінгіге кенді дәйім кеудеден,
Жүрген сіздер ғибратты елге сырды ұсынып
Ел асыға күтері хақ бұл «Қармақшы таңымды»,
Мың күндік әр сөзі қымбат, әрбір шығар саныңды.
Толғамды ой, арнасын да сіздер сөзбен кеңейтер,
Мерекеңіз құтты болсын қаламгерлер дарынды!
Руслан СӘУЛЕБЕКҰЛЫ
28 маусым 2022 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031