» » » Қарттарым – асыл қазынам

Қарттарым – асыл қазынам


Қарттарым асыл қазынам,
Көрмесем күнде сағынам.
Ақылшы болған жастарға,
Даналығыңа табынам.

Жолыңа төсеп ақ кілем,
Бағаны сіздің көтерем.
Өмірден көрген бейнетін,
Қалайша жазбай өшірем.

Бақытын тапқан еңбекпен,
Дән егіп жерге тер төккен.
Төрт-түлік малды көбейтіп,
Мамандықты да меңгерген.

Бау-бақшаны өсіріп,
Жемісін елге паш еткен.
Ақ бидай жинап алқаптан,
Қырманға әкеп тербеткен.

Берекесін елімнің,
Ұстап келген бірлікпен.
Тәрбие беріп ұрпаққа,
Жаман әдетпен күрескен.

Жүріңдерші аман боп,
Ендігі жерде тілекпен.
Мақтаулар сізге арналып
Жырларым шықты жүректен.
Мира ЖЕТЕСҚЫЗЫ
14 қазан 2020 ж. 1 304 1

Negativ от 16 қазан 2020 10:17
Удалим/сместим любую негативную информацию Разместим положительные отзывы/видеотзывы о Вас/Вашей компании,услугах Работа с Вашими конкурентами. Вывод в топ. S.E.R.M & O.R.M Привлчем Вам клиентов,увеличим продажи! Большой опыт работы по СНГ и РФ Связь с нами : e-mail piarbw.com@gmail.com телеграм @piarbw https://t.me/piarbw Приносим свои извинения если побеспокоили Вас , если Вас не интерисуют наши услуги,напишите нами с темой письма "Отписка от piarbw.com" и мы удалим Ваш адрес из базы рассылок.

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 802
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930