» » Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Сіздерді 28 маусым – төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деп айтып кеткендей, халықты нақты әрі жылдам ақпаратпен қамтамасыз етуде қоғамдағы сіздердің рөлдеріңіз орасан зор. Қазақ қоғамында ақпарат тарату үрдісі әркез дәстүрлі медиаға басымдық танытады. Ауданда, облыста, ел ішінде атқарылып жатқан ауқымды істер мен экономика, әлеумет, тұрмыс, тағы басқа өзекті тақырыптарда қалам тербеп, қалың бұқараны ақпараттандыруда тынымсыз еңбек етіп келесіздер. Тіпті, әлемдік деңгейдегі тақырыптарды да газет бетінен оқудамыз. Әлбетте, әлеуметтік желі кең сипат алған заманда да дәстүрлі медиа өз құндылығын жоймақ емес, жоймайды да.
Қазақ «Қос тойың қабат, екі дүниең абат болсын» деген. Биылғы төл мерекемен аудан айнасы «Қармақшы таңы» газетінің 90 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр. Ауданымыздың айнасы дейтіндейіміз бар, осы елдің ішінде болып жатқан әрбір оқиға, тың жаңалық, рухани тақырыптардың барлығы басылымда қаузалып келеді. Алыс ауыл халқының тыныс-тіршілігін де газет журналистері тақырыптарына тиек етіп, жолсапар очерктерін де қолға алған. Бүгін де заманауи бағытқа бет бұрып, әлеуметтік желілер интернет сайттары жұмыс істеп тұр. Мұның өзі қолжетімді ресми әрі нақты ақпараттың назарда тұрғанын айғақтаса керек-ті.
Тарихы тереңнен тамыр алған басылым алғашқы редакторы Жұмабай Есетовтен бастап, күні бүгінге дейін ел ішінде көптеген сөз зергерлері еңбек етті. Өз тарихында «Екпінді», «Қызыл ту», «Коммунизм шамшырағы» тәрізді атаулармен жұртшылыққа жол тартқан «Қармақшы таңы» газетінің сөзі бүгінде ауданның сөзі, аудан халқының үні.
Қазақтың қабырғалы қаламгері «Шерағаңның шекпенінен шықтым» дегендей, өңірде де талай шәкіртті тәрбиелеп топқа қосқан қарашаңырақта қасиетті Қармақшы топырағының талай марғасқасы қызмет етті. Еліміздегі рухани мұраларды түгендеп, біз білмейтін талай қызықты тақырыптарды тарқатып жазып жүргені қуантады.
Құрметті журналистер!
Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Шығармашылық шабыт, қызметтеріңізде толағай табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін.
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов
28 маусым 2022 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031