Аудан әкімі журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ!
Сіздерді бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қармақшы ауданының бұқаралық ақпарат құралдары да қашанда шынайы ақпараттың қайнар көзі болып келеді. Мемлекет мүддесі, ұлт мұраты мен ұрпақ болашағына бағытталған мақалалардың деңгейі артып, көкжиегі кеңейуде.
Сонымен бірге ауданымыздың «Қармақшы таңы» газетінің ұжымыда тәуелсіздік жылдарынан бастап әлеуметтік-экономикалық салалардағы өркенді өзгерістерді тұрғындарға жеткізуде ерекше еңбек сіңіріп келеді.
Тұрғындар сіздерге сенеді, құлақ асады, көп жағдайда қоғамдық көңіл-күй ахуалы да ақпарат құралдарына байланысты болып жатады.
Жұртшылық мерзімді басылым, теледидар, радио, әлеуметтік желілер арқылы өмірде болып жатқан алуан түрлі оқиғалардан хабардар болып, мемлекеттік органдардың қызметі туралы біліп отырады.
Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күні - газет пен журнал, теледидар мен радио, полиграфиялық сала қызметкерлеріне ортақ мереке. Бұл - тек журналистер үшін ғана емес, сонымен бірге кадр сыртындағы жандар мен газет-журнал беттерін дайындайтын мамандар үшін де маңызы зор күн.
Сонымен қатар бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірі, дәйекті дәнекерісіздер. Коронавирус инфекциясымен күрес кезеңінде тұрғындарымызға қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізіп, еселі еңбектеріңіз үшін Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін.
Алдағы уақытта да бұқаралық ақпарат құралдары ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен кемел келешегін нығайту жолында үлес қоса береді деген сенімдемін.
Журналистер қауымына жаңалықтарыңызбен қуантып, қаламдарыңыз мұқаламай әрқашанда шығармашылықтарыңыз шыңдала беруге шын жүректен тілектеспін.
Бүгінгі кәсіби мерекеде игі бастамаларыңызға зор шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбеков
Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбеков