» » Өңірлік газет – өміріміздің өзегі

Өңірлік газет – өміріміздің өзегі


Бұқаралық ақпарат құралдары – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір. Ақпарат айдынындағы кез келген басылым қоғам үшін еңбек етуі тиіс. Себебі, журналистика қоғаммен бірге өмір сүреді, қоғаммен бірге тыныстайды. Әсіресе, газет-журнал өзі өмір сүрген кезеңдегі оқиға, құбылыстарды өз оқырманына нақты, дәйекті жеткізеді. Өйткені, күні ертең ол мақалада келтірілген дерек – сол кездің тарихы. Осы үдеден шығу үшін ауданның төл басылымы «Қармақшы таңы» газеті аудандағы айшықты жаңалықты халыққа жеткізуде 90 жылға жуық жұмыс істеп келеді.
Алаш қайраткері Ахмет Бай­тұрсынов «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген мағыналы сөз айтқаны бекерден-бекер емес-ті. Бүгінде ауданның айнасына айналған төл басылымға жазылу жүргізілуде. Осы мақсатта редакцияға бас сұғатын оқырмандар қатары да көбеюде. Өзі ғана оқып қоймай, тіпті туған-туыс, таныс жақындарын газет оқуға шақыратын көзі қарақты оқырмандар да баршылық. Халық пен билік арасындағы алтын көпірдің бір кірпішін қалауға атсалысу ойлы оқырманның жоғары мәдениетінің көрсеткіші екенін аңғартады.
Қазіргі толассыз ақпарат заманында жаңалықты жеткізушілердің саны көп. Бұл қатарды мерзімді басылымдар мен газет-журналдар да толықтырады. Уақыт өткен сайын медиа да түрленіп, газеттің де түрі көбеюде. Алайда ауданда таңдауы төл басылымға түскен ұжымдар да жетерлік. Солардың бірі – №121 орта мектеп.
Ұстаздар қауымының аудан айнасына толықтай жазылып, өңір жаңалығын өз басылымынан оқығысы келгені қуантады. Жаңашыл технологияны жете меңгерген ұстаздар жыл сайын білімді шәкірттер тәрбиелеп, үлкен өмірге қанат қақтыруда.
– Ауданның жергілікті тұрғыны болған соң, газеттің әр нөмірін жібермей оқуға тырысамын. Газет бетін ашқанда өзіміздің танитын адамның атқарып жатқан игі істерін көрген кезде риза боласың. Қасыңда жүргенде ондай қасиетін аңғармауың да мүмкін. Ал газет бетінен көріп білген басқаша сезім. Қазақта «Жаныңда жүр жақсы адам» деген керемет сөз бар ғой. Осындайда танысымыз мынадай ұлағатты іс атқарып жатыр екен, мынадай жетістікке жетіп жатыр екен деп марқайып, оған деген құрметің артады. Сонымен қатар ауданда не болып жатыр, халыққа қандай жұмыстар атқарылып жатыр, қандай жоспарлар болып жатқанын біліп отырасың. Ұжым аудан айнасына толықтай үздіксіз жазылып келеді. Себебі ұрпақ алдында жауапты әрбір ұстаз – өңір жаңалығын біліп отыруы қажет. Газет қай уақытта да шынайы дүние. Біздің ұжымға осы шынайылығы ұнайды. Ал әлеуметтік желіде біреу бі­ліп, біреу білмей жазады. Оның қайсысы өтірік, қайсысы шын екенін айырып та болмайсың. Яғни ақпараттар ұдайы шынайы бола бермейді. Ал газет сүзгі мен тексерістен өтіп барып, халыққа жолданады. Алдағы уақытта да рухани кеңістігімізді кеңейту және өз игілігіміз үшін газетке жазыла бермекпіз, – дейді мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Болат Жұмабаев.
Газетке ұжымымен жазылуды үрдіске айналдырған мұғалімдер «өңір жаңалығын өздеріңізден оқып, жерлес тарихи тұлғаларды сіздер арқылы танып жатырмыз» деп төбемізді бір көкке көтеріп қойды. Бұл да болса – атқарылған жұмыстың бір нәтижесі. Халыққа ұсынған шығармашылық жұ­мыстың көп игілігіне жарауы – көңілге қуаныш ұялатады.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
11 желтоқсан 2021 ж. 811 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031