» «Аманат арқалаған басылым»

«Аманат арқалаған басылым»

Қазір «дамыдық, жаңа технологиялармен қарыштап жатырмыз» дейміз ғой. Дегенмен қоғам қанша жерден цифрланса да газеттің орны бөлек. Оны біздің тұрақты оқырмандарымыздан анық байқауға болады. Әсілінде «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Қай кезде болмасын бірлікке бастап, жаңалықтар жаршысына айналған жергілікті басылым оқырманымен ғұмырлы.
Оқырманы жоқ басылым – қанатсыз құспен тең. Ал оқырманымыз бізді тұрақтылығымен, кеңпейіл көңілімен, сүйсіне оқуымен қанаттандырады. Сондай жандардың бірі – Абдирахим Рузиев пен Гокчак Искендированың шаңырағы. Газеттің әр саны шыққан сайын ауылға келуін асыға күтеді. Онда аудандағы жақсы жаңалықтар мен түрлі кейіпкердің бұ жолғы өмір естелігін оқуға асығады.
– «Қармақшы таңы» газеті – аудан шамшырағы. Өйткені, ауданның тынысы, қоғамдық, саяси өмірі мен аудан белсенділерінің жұмысы осы басылымда жарияланады. Тұрғылықты мекендегі іргелі істерден хабардар болып отырамыз. Ал газеттің сапасы, дизайны заманауи. Шығармашылық ұжымның жұмысы көңіл көншітеді. Онда халық көкейіндегі мәселелермен қатар, ауданның бүгінгі ахуалы, өткен тарихы, кешегі кеткен шайырлар өмірі, танымдық-ақпараттық мәліметтер де көптеп кездеседі. Жерлестерімді аманат арқалаған басылымның туын жо­ғары ұстап, мәртебесі биік болу үшін газетке ұдайы жазылуға шақырамыз, – дейді Гокчак апа.
ІІІ Интернационалдық отбасы екі ұлттан құралған. Абдирахим аға өзбек ағайыннан. 40 жылға жуық дала төсінде білек сыбана еңбек еткен еңбеккер. Ал отанасы түрік ұлтынан. Аспаз болып бірнеше жыл қызмет еткен. Бүгінде олар екі ұлды тәрбиелеп өсіріп, бейнетінің зейнетін көріп отырған берекелі отбасы.
«Көпшілік бас қосқан орында айнымас газетіміз болған аудандық «Қармақшы таңы» газетіне жазылуға үндеп отыратынымыз да бар» дейді олар сөз арасында.

Түйін
«Қазір газетті парақтағаннан қолдағы қалтафонмен шертіп шыққан ыңғайлы. Заман талабы да сол» дейді талайы. Бірақ талайының заман талабына сай өмір сүргенімен, газеттің аты газет. Орны да, «болмысы» да өшпесі анық. Ал оны өзге ұлт өкілдері сүйсіне оқуы тіпті ғажап емес пе?!
Айнұр ӘЛИ
---
01 мамыр 2021 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031