Мәслихаттар сайлауы
» » Қос басылым басшылары Қармақшыда

Қос басылым басшылары Қармақшыда

ЖОСАЛЫ, 15 қараша - qarmaqshy-tany.kz Биыл «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газетіне – 90 жыл. Ғасырға жуық халықтың айнасына айналған қос басылым бүгінде өз биігінде. Мерейтой қарсаңында аға басылым өкілдері Қармақшы ауданына іс-сапармен келді.
Шығармашылық топ алдымен аудан әкімі Мұса Қалдарбековпен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылып жатқан жұмысы жа­йында пікір алмасты. Одан соң іс-сапар аудандық COWORKING орталығында оқырмандармен кездесумен жалғасын табуда. Мақсат - әріптестік байланыс орнату. Шығармашылық басқосу Айгерім Ешбаеваның "Қармақшым менің" жырымен шымылдығын ашты. Жиында «Сыр бойы», «Кызылор­динские вести» газеттерінің бас ре­дакторлары  Қуат Шарабидинов пен Қазыбек Ботаев газеттің бүгінгі тыныс-тіршілігін сөз етті. Сонымен қатар оқырман­мен шығармашылық байланыс орна­туға әркез дайын екенін жеткізді. Жүздесуде еркін пікір алмасып, дәйекті ойлар ортаға салынуда.
"ҚТ" ақпарат

15 қараша 2019 ж. 1 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 341
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 474

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30