Облыстық қос басылымның 90 жылдығына орай дойбыдан ардагерлер арасында жарыс басталды (ФОТО)
Қасиетті Сыр елінің басты ақпарат көздеріне айналған облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» басылымдарының 90 жылдық мерейтойларына орай ардагерлер арасындағы дойбыдан жарыс басталды, деп жазады kyzylorda-news.kz.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған басылым ардагерлері Қайырбек Мырзахметұлы мен Рысты Бекбергенова өздерінің жүрекжарды игі тілектерін жеткізіп, ақ баталарын берді.
Айта кетейік, ардагерлер арасындағы дойбы жарысына Қайырбек Мырзахметұлы, Айжарық Сәдібекұлы, Әскербек Рахымбеков, Еркін Әбіл, Жұмагүл Оралбаева, Жұматәлі Әбдіраман секілді қос басылымның 6 ардагері қатысуда.
Жарыс соңында жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.





