» » "Айтары бар, айқын газет"

"Айтары бар, айқын газет"

Бүгінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған уақытта ақпарат алудың тетігі көп. Алайда, қоғам қанша жерден цифрланғанымен газеттің орны бөлек. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, жаңалық жаршысы қашанда құнды. Көзі қарақты, ойлы оқырмандар әлі де газеттен қол үзген жоқ. Қай кезде де бірлікке бастап, олардың еңбектерін айшықтап көрсететін жергілікті басылым оқырманымен ғұмырлы. Газеттің қуаттылығы да оқырманның көптігіне тікелей байланысты. Себебі оқырманы жоқ басылым – қанаты жоқ құспен тең.

Ауданның ахуалы мен тыныс-тіршілігін бағамдап, ой елегінен өткізіп өз керегіне жарату оқырманның еншісінде. Жергілікті мекеннің үнжариясына айналған басылымды шын жанашырлары қолдаудан кенде емес. Төл басылымға қашанда төрі дайын ұстаздардың бір легі – Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектепте. Ондағы білім нәрін себушілер аудандық газеттің ауқымы кең, әрі қажетті екенін алға тартуда.
– Жалпы «Қармақшы таңы» газеті біздің ауданның шамшырағы. Себебі, ауданның тынысы, қоғамдық, саяси өмірі мен аудан белсенділерінің жұмысы осы газетте жария­ланады. Өңіріміздегі төл басылым арқылы тұрғылықты мекендегі ілкімді істер мен жағымды жаңалықтардан да хабардар болып отырамыз. Қай уақытта да аудан айнасын ұжым болып түгел қамтимыз. Келесі жылдың жартыжылдығына артығымен жазылдық. Қармақшының әрбір тұрғыны үшін бұл газетті алу азаматтық борыш болуы тиіс. Ал газеттің сапасына, шығармашылық ұжымның жұмысына көңілім толады. Себебі, онда халық көкейіндегі мәселелермен қатар, ауданның бүгінгі ахуалы, өткен тарихы, кешегі кеткен шайырлар өмірі, танымдық-ақпараттық мәліметтер де көптеп кездеседі. Жерлестерімді төл басылымның туын жоғары ұстап, мәртебесі биік болу үшін газетке ұдайы жазылуға шақырамын, – дейді мектеп директоры Мәуегүл Ерғалиева.
Газеттің шынайы жанашыры, әрі қолдаушысы – мектеп кітапханашылары. 25 жылдан бері осы саланы серік еткен Майра Жұмабекова газетке жазылуда ұстаздар тарапынан әркез қолдау табатынын жеткізді.
– Өзің мекен ететін өлкенің тынысын сезініп, өсіп-өркендеп жатқанын біліп отырғаныңның өзі бақыт емес пе? Аудан айнасына деген ұстаздардың көзқарасы жақсы. Өңірдегі оң өзгерістер, үлгілі істер мен өнеге болар әңгімелер, сараптама, түрлі танымдық, өзекті материал мұғалімнің жұмысына пайдасын тигізеді. Болашақтың іргетасын қалаушы жандардың аудан айнасына деген ризашылығы басым, – дейді мектеп кітапханашысы М.Жұмабекова.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Ерсін СӘДУҰЛЫ (сурет)
14 қараша 2020 ж. 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031