» » Жаңалық жаршысының жанашырлары

Жаңалық жаршысының жанашырлары

Ауданның жаңалықтар жаршысына айналған «Қармақшы таңы» газетінің оқырманы аз деуге әсте келмейді. Себебі өңірде бұл газетті білмейтін, оқымайтын жан қатары жоқтың қасы. Сүйікті басылымға тіпті ұжыммен жазылатын да мекемелер бар. Соның бірі – С.Есқараев атындағы №27 мектептің ұстаздары.
Ақмарал Жарасова басқаратын мектепте 38 мұғалім, 23 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеу жолында жүргендер әрдайым даму мен ізденіс үстінде. Заман көшінен қалмай, талмай еңбектеніп жүрген ұстаздар қауымы соңғы жаңалықтарды осы газет бетінен, қала берді арнайы сайттан оқиды. Рухани жаңғыру, тарих пен мәдениет жайындағы мақалаларды парақтай отырып, әр нөмірін үзбей оқу мұнда әдетке айналған. Олардың айтуынша, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін әркез мұғалімнің ізденісі мол, ақыл-парасаты шыңдалған болуы тиіс. Бұл кезде таптырмас көмек болатын құрал – кітап пен газет-журналдар.
- Төл басылымға ұжымымдағы ұстаздар қауымы асыға жазылады. Ұжымдағы мұғалімдердің барлығы аудандық «Қармақшы таңы» басылымынан қалыс қалған емес. Тіпті газетке өз жақын туыстарын жазатындары да бар. Сондықтан өңірдің жаңалықтар жаршысы болған ақпараттық басылымның біздің ұжымда алар орны ерекше. Ұстаздардың газетке айтар алғысы да шексіз, – дейді мектептің кітапхана меңгерушісі Жанагүл Ақылбекқызы.
Иә, жергілікті газетті жерлестер асыға күтетіні шығармашылық ұжымға шабыт сыйлайды. Бұл күнде 88 жылдық тарихы бар «Қармақшы таңының» ұжымы осындай ойлы да жанашыр оқырмандары үшін тынбай еңбек етіп келеді.
Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
18 шілде 2020 ж. 986 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 180

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 300

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930