» » Төл газеттің тұрақты оқырманы

Төл газеттің тұрақты оқырманы


Қазір көпшілікке ғаламторсыз өмір сүру мүмкін еместей көрінеді. Себебі, шұғыл ақпартты осы әлеуметтік желіден таба алады. Дегенмен «Маған интернет ақтарғаннан гөрі газет-журнал оқыған әлдеқайда ыңғайлы» дейтіндер де аз емес. Солардың бірі – Жанар Әкінтаева.

Ол ІІІ Интернационал ауылындағы «Бади-Нұр» балабақшасында әдіскер болып қызмет атқарады. Басылымның әр нөмірін үзбей оқиды. Өйткені бала тәрбиелеуде ұстаз жан-жақты, балаға үйретері бар болуы керек.
– Газетті қолға ұстап, иісін сезіп оқығанға жетсін?! Ой-өрісің кеңейіп, жан-дүниеңді байытады. Әсілінде шағын экранның арғы жағындағы кей жұтаң дүниелерді көргеннен ел ішіндегі жаңалықты, елеулі оқиғаны, рухани-танымдық мақалаларды газет арқылы қолыңа ұстап оқығанның орны тым бөлек. Кітап оқудан алшақтап, ойын қағаз бетіне түсіре алмайтын ұрпақ өспесін десек газеттен бас тартпауымыз керек. Газет болған, бар, бола бермек. Себебі газет біз секілді оқырманымен ғұмырлы, – дейді тұрақты оқырман.
Баспасөзге жазылу – ерікті. Бүгінгідей оқырманды газетпен емес, газетті оқырманмен қамтамасыз ету қажеттілігі туған кезеңде боямасыз ақпарат алғысы келген халық газетке жазылудан қалыс қалмасы анық. Өңір өмірі – осы газеттердің беттерінде.
Айнұр ӘЛИ
26 мамыр 2020 ж. 1 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 939
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 577

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930