» » Басылымға түгел жазылған ұжым

Басылымға түгел жазылған ұжым

30 жылға жуық тарихы бар іргелі білім ордасының бірі – О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі. Бұрын аудандағы ауқымды іс-шараның бәрі осында өтетін. Базасы кең болғанымен біраз жыл жөндеу көрмеген ғимарат білім берушіге де, алушыға да жайсыздық танытты. Нәтижесінде биыл толық күрделі жөндеуден өтіп, жаңа талапқа сай келбетті кейіпке енді. Мектепке білікті басшы Бауыржан Дүйсенбаев басшылық жасайды. Бір ерекшелігі 78 мұғалім еңбек ететін ұжымның 78 ұстазы да төл басылым «Қармақшы таңының» тұрақты оқырманы.
– Бізде баспасөз айлығында газетке жазылуда аса бір мәселе тумайды. Оның ішінде «Қармақшы таңына» жазылыңдар» деп жар салудың қажеті шамалы. Қалтаға ауыр тимесін дейміз ғой. Республикалық, облыстық басылымдармен алмастырып, бөліп жазғанбыз. Соңында «аудандық газет керек еді» деп өтініш білдірген көп болды. Сондықтан таңдауды оқырман еркіне саламыз. Елдегі, облыс, аудандағы жаңалықты алдымен ұстаздар қауымы білуі керек. Өйткені олар білгенін балаға айтады. Мектеп ұстаздары білімі мен білігі жағынан ешкімнен кем түспейді. Қоғамдық жұмыстан да тысқары қалып жатқан жоқ. Зерделеп қарасам ұжым мүшелері әр нөмір келген кезде газетке шыққан мақаланы мұғалімдер кеңсесінде талдап отырады. Соны көргенде жаңалыққа жаны құмар, кітап, газет оқып, ізденетін ұстаздар көп деп қуанамын. Газет – рухани құрал ғой, ақыл-кеңес берер досың, – дейді мектеп директоры Бауыржан Назарұлы.
Тіршілік атаулы күн шуағынан, жер-судан нәр алса, адамзат баласы оқып-білуден рухани азық алады. Көп оқыған адам көп біледі. Кез келген ортада өзін еркін сезініп, түрлі тақырып төңірегіндегі сөзге араласып, пікірін білдіреді. Мектеп мұғалімдері белсенділігімен ерекшеленеді. Бәлки бұл – жиі кітап пен газет-жорнал оқығаннан болар. Қазір білім ордасында 508 оқушы білім алуда. Ұстаздың да, шәкірттің де алған асуы мен шыққан белесі аз емес.
– Биыл мектеп «Жетістігі мол білім ордасы» деген атпен «BIRINSHI» республикалық латын тіліндегі энциклопедияға енді. Облыстық «Алтын қазына» байқауында тоқыма бұйымдарын дайындау номинациясы бойынша он саусағынан өнер тамған оқушымыз Еркеназ Тасболатова ІІІ орын иеленсе, республикалық балалар мен жасөспірімдердің қолөнер көрмесінде Алма Сақташева Гран при ұтып алды. «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде жазушылар номинациясы бойынша Сымбат Ұзақбаева І орын, Ү.Қошалақов атындағы аудандық ХІІ пәндік олимпиадада Мұратбек Оразбаев ІІІ орын, «Өзін-өзі тану пәні бойынша» дәстүрлі «Ізгілік – өмір нәрі» атты әлеуметтік жобалар фестивалінің І облыстық кезеңінде Гүлдана Базарбаева ІІІ орын алып, ауданның абыройын өсірді. Әрине бұл шығармашыл ұстаздардың жұмысының нәтижесі, – дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Майра Тұрғанова.
Шынында да, жан сарайы құлықсыз, жаңалықтан алыс маманның алысқа шаппасы анық.
– Сондықтан газетке алдымен мұғалім жазылуы тиіс. Әріптесті туған өңірдің төл газеті – "Қармақшы таңын" үзбей оқуға шақырамыз, – дейді жетістігі мол білім ордасындағылар.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
04 қараша 2019 ж. 956 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 738

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 791

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031