Әлеуметтік сала – әкім бағдарында
Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын тиісті талап-деңгейге келтірілуде. Сала бойынша жалпы 8 нысан, оның ішінде: 1 колледж, 2 мектептің күрделі жөндеуі, 5 мектептің жылу жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аудан әкімі кент орталығындағы Көшеней Рүстембекұлы атындағы аудандық жыраулар үйінде болып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан құрылыс нысанының барысымен танысты. Аудандық жыраулар үйі ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмысы бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жалпы 143 925,0 мың теңге оның ішінде: республикалық бюджеттен 43,917 млн теңге, облыстық бюджеттен 4,879 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде "Капстройгрупп-Т" ЖШС-мен жалпы 41580,0 мың теңгеге келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы қарқынды жүруде. Ғимарат қараша айында пайдалануға берілмек.
Мұнан соң аудан әкімі аудандық аграрлы-техникалық колледжі мен «Шипагер» емханасында күрделі жөндеуден өтіп жатқан құрылыс нысандарын көрді.
Сонымен бірге аудан басшысы Жосалы кентінде жүргізіліп жатқан газдандыру жұмысының барысын да назарға алды. Ауданда табиғи газды қосу 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Қазіргі таңда жоғары қысымдағы газ құбыры үшін траншея қазылып, құбырлар орнатылуда. Жоғарғы қысымдағы газ құбыры мен орта қысымдағы газ тарату пункттерінің құрылысы осы жылы жүргізілетін болады. Кентте газ құбырын жүргізу жұмысына бақылау жасауда аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылып, тұрақты бақылауда ұстауда.
Әлеуметтік нысандарды аралаған аудан басшысы Мұса Қалдарбеков күрделі жөндеуден өтіп жатқан құрылыс жұмыстарын саралап, сала басшыларына тиісті тапсырма берді.
Ақнұр Ердүйсенқызы
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)