» » Құрылыс қарқыны қалай жүруде?

Құрылыс қарқыны қалай жүруде?

Биыл аудан үшін жақсы жаңалыққа толы жыл болуда. Іргелі істер мен өнегелі өзгеріс, сәнді ғимарат пен сұлу көше, жаңарған нысан мен абаттанған аллея, саялы саябақ кент ажарын кіргізіп, тұрғындарға қуаныш сыйла­й­ды. Дей тұрғанмен бізде сапасы сын көтермейтін нысан аз емес. Соның дені білім ошағында. Саналы ұрпақ сапалы орыннан білім алу керек. Сонау 1903 жылы салынып, күрделі жөндеу көрмеген кей мектепке қайта жаңғырту жүргізу кезек күттірмейтін мәселе. Бәсекеге қабілетті буын тәрбиелеу үшін балабақша мен мектеп заманға сай бейімделу керек. Бұл жолда мемлекет тарапынан қолдау көп.
Аудан бойынша 2019 жылдың 6 айына тек құрылыс жұмысы үшін 3 млрд 32 млн 506 мың теңге қаралса, қайта жаңғырту, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуге 299 млн 51 мың теңге бөлінген. Білім беру саласы бо­йынша 8 нысан, оның ішінде: 1 колледж, 2 мектепті күрделі жөндеу шілде айында басталды.
Құрылыс қарқыны қалай жүруде? Жылу жүйесін қайта жаңғыртуға байланысты 5 мектепте ауыстырылған жаңа жылу қазандығын көзбен көрмекке аталмыш нысандарды аралап шықтық.
3 корпустан тұратын аграрлы-техникалық колледждің іргесі 1976 жылы қаланған. Елу жылда ел жаңа. Қанша жаңарып, жаһандансақ та кәсіби білім беріп, мамандық алуға машықтандыратын мекеннің жай-күйіне мән бермеппіз. Ағымдағы болмаса, күрделі жөндеу көрмеген колледждің заманауи талапқа сай өзгертілуіне 429,6 млн теңге бөлінген. Барлық құрылыс жұмысына тек республика емес облыстық бюджеттің де үлесі бар. Жағымды жаңалыққа студенттер мен ұстаздар дән риза. «Нұрсапар-7» ЖШС қолға алған жұмыста 60-қа жуық адам еңбекпен қамтылған. Оның тең жартысы осы өңірдің азаматы. Жұмысқа жетекшілік еткен прораб Серік Қошқаровтың айтуынша оқу корпусының бір бөлігі жаңа оқу жылына пайдалануға берілуі керек. Жаппай сылау, сырлау жұмысына кіріскен құрылысшылар күн санағаннан бұрын сапасы маңызды деп санайды.
Мұнан соң №27 мектептің жұ­мы­сымен таныстық. Сметалық құны 143,925 млн теңгені құрайтын жұмысты "Өмір­зақ" ЖШС жауапкершілікке алған. Ғимараттың есік-терезесін ауыстырып, сылақ, электр сымын қайта жүргізу жұмысын жүргізуде.
№30 мектептің күрделі жөндеу жұмысына 258 млн 362 мың теңге бөлінген. "Қазқұрылыссервис" ЖШС жинақтаған құрылысшылар тынымсыз тірлік етуде. 50-ден аса адамды жұмыспен қамтыған мердігер мекеме бұған дейін бірнеше ірі нысандар салған.
Мәдениет саласында К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйі ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмысы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде жалпы "Капстройгрупп-Т" ЖШС жұ­мысқа кіріскен. Мәдени орын қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Сәні мен сәулеті жарасқан заманауи нысандар салуда құрыш қолды құрылысшылар еңбегін ескерген жөн. Тамыздың екінші жексенбісі олардың кәсіби мерекесі. Осы салада табысты еңбек етіп жүрген аудан құрылысшыларының мәртебесін көтеру ортақ іс. Экономиканың сер­пінді саласының өкілі де осылар. Құ­рылысшылардың ерен еңбегінің арқа­сында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асып, аспанмен таласқан зәулім ғимараттар бой көтеруде. Ұдайы өзгеріп отыратын нарыққа бейімделе білу қабілетінің нәтижесінде елде құрылыс жанданып, халық жаңа стандарт пен заманауи дизайнға бой үйретті.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
14 тамыз 2019 ж. 1 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031